«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Тәуелсіздік күніне байланысты «Тәуелсіздік таңы атты біз аңсаған» атты мерекелік шара өткізілді
«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Тәуелсіздік күніне арнаған «Тәуелсіздік таңы
атты біз аңсаған» деген тақырыпта мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында, сахнаның ортасында ер балалардан құралған тәрбиеленушілер шеңбер
құрып, кезекпен Тәуелсіздік күніне
байланысты тақпақтар оқыды. Бұдан кейін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұраны орындалды. «Қайсар рухты Қайрат»
деген тақырыпта сахналық көрініс
қойылды. Қойылым барысында,
Қайраттың дүниеге шыр етіп келген
кезінен бастап әкесінің «сенің атың – Қайрат!», - деп үш рет азан шақырып ат қойғаны, балалық
шақтан жігіттік шаққа жетіп, желтоқсан оқиғасында еліміздің егемендігі үшін ерлік көрсетіп,
Тәуелсіздік жолында құрбан болғаны жайлы көрсетілді. Сонымен қатар, видиеоролик арқылы тәрбиеленушілер - Ербол Сыпатаев,
Ләззат Асанова, Мұхамеджанова Сәбира
сияқты желтоқсан құрбандарының суреттерін көріп, өмір жолдарымен танысты. «Атамекен» тәрбиеленушісі Нестерова Люба ақиық ақын Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» деген өлеңін оқып жиналған көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады. Кеш соңында,
тәрбиеленушілердің орындауында патриоттық әндер шырқалды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыз аман, жұртымыз тыныш, егемендігіміз баянды болсын! – деген ізгі
тілектер айтылды. Мерекелік кеш, 16-17-18 желтоқсан күндері әр отбасы өздерінің тәрбиеленушілерімен "Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» деген тақырыпта ашық сабақтар ұйымдастырумен жалғасын тапты. Мұндағы мақсатымыз, желтоқсан оқиғасы арқылы, жүздеген жылдар
бойы, бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы
Тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен өмірден
өткендіктерін терең ұғындыру,
тәрбиеленушілерді өз елін, жерін, Отанын
қорғауға, жақсы көруге тәрбиелеу.