Отбасы үлгісіндлегі балалар ауылында 15-мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткізілген іс-шаралар
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамытып, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, жанұя туралы түсініктерін шыңдап, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Салауатты –өмір салтын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке, бірлікке баулу.
«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Отбасы күні мерекесіне орай, тәрбиеленушілердің сөздік қорын молайтып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында әдебиет жанры бойынша, «Отбасым – бақыт мекені» деген тақырыпта шығарма жазып, «Менің отбасым!» - деген тақырыпта әрбір тәрбиеленуші өзінің отбастарын бейнелеу мақсатында сурет салудан сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың қорытындысы бойынша, өзінің ішкі жан дүниесін әдеби тілде әдемі жеткізе білген әсерлі туындысымен, шығарма жазудан -Нышанова Нұршат І орыниеленсе, ІІ орынға - Сартова Ақмарал лайық деп танылса, ІІІ орынды - Камбарова Алина еншіледі.
Сурет салу шеберлігі бойынша, І орынға - Даурова Аруна лайық деп табылды. Ал жүлделі ІІ орынды - Камбарова Рамиля еншілесе, ІІІ орын – Соломкин Данилге бұйырды. Жүлделі орынға ие болған барлық қатысушы тәрбиеленушілерге педагог ұйымдастырушы - Жадыра Казиева алғыс хаттар табыс етті.
«Біз салауатты отбасымыз» тақырыбында волейболдан өткізілген жарыстың қорытындысы бойынша ұпай сандарының жоғарылығымен «Ақжайық» отбасы – I орын, «Оқжетпес» отбасы –II орын, «Ұлытау» отбасы –III орын иеленді.
«Сіз балаңызды қаншалықты білесіз?»
Жаттығуымызға қатысушы аналарымыз бен балаларына сұрақтар жазылған парақтар берілді,жаттығуды орындауға уақыт белгіленді(2минут),сұрақтардың жауабы пайыздық өлшеммен белгіленді. Осы уақыт аралығында олар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді,және жаттығу барысында олардың жауаптары салыстырылды.Екеуінің жауабы салыстырылып сәйкестігіне байланысты пайыздық өлшеммен бағаланды.«Ұлытау» отбасынан Лекерова Гүлнар ана-тәрбиешісі өзінің тәрбиеленушісі Әуезханов Досымжанмен бірге жауап берді,жауаптарының сәйкестігі бойынша 80%ға бағаланды, «Үшқоңыр» отбасынан Тышқанбаева Ляззат ана-тәрбиешісі мен тәрбиеленушісі Әуезханова Томирис шықты жауаптарының сәйкестігі бойынша 90%ға бағаланды, «Оқжетпес» үйінен Тойшыбек Роза ана-тәрбиешісі мен Камбарова Рамилия сұрақтарға жауап берді. жауаптарының сәйкестігі бойынша 80%ға бағаланды. «Ақжайық» отбасынан Ниязова Дариға ана-тәрбиешісі мен Буланова Светамен бірге жауап берді,жауаптарының сәйкестігі бойынша 100%ға бағаланды.
Келесі жаттығуымыз:ортаға барлық отбасының балалары шығып шеңбер құрды,және әр отбасының аналары біртіндеп шығып көздері байлаулы күйде өзінің отбасындағы балаларын барлық баланың ішінен дене бітіміне қарай тапты.Барлық үйдің аналары балаларының дене бітіміне қарап табу жаттығуында белсенділік танытып балаларын жылдам тауып алды.
Келесі жаттығуымыз шарты бойынша ортаға әр отбасынан анасы мен бір тәрбиеленушісі шығып құлақтарына құлаққап пен әуенді жоғары дыбыспен қойылды,балаларының қолдарына сөздер таратылды және осы сөздерді тәрбиеленушісі оқиды,ал анасы сөздерді баланың ерінінің қимылына қарап тапты.
Барлық отбасыға плакат пен түрлі түсті қаламдар таратылды,және әр отбасы өздерінің отбасын еркін тақырыпта бейнелеп,теңеу ұсынылды,жаттығу соңында әр отбасынан балалар шығып салған суреттерін қорғады.Жаттығуымызды аяқтай келе әр уйге кішкентай сандықшаға салынған сөздерден алып,отбасы туралы жылы лебіздерін білдірді.