Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы «Жүрегіңнің жылуымен бөліс» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің мемлекеттің өздеріне жасаған қамқорлығына деген ризашылығын қоғамдағы жүрек жылуын қажет ететін жандардың жанына шаттық сыйлап, қуанышқа бөлеу арқылы білдіру;
Акция аясында 23 қыркүйек күні "Бүлдіршінге қуаныш сыйла.." тақырыбында сәбилер үйіне қала күні қарсаңында мерекелік концерт ұйымдастырды. Кішкентай Рома мен Рамилияның орындауындағы "Рок-н-ролл" би кішкентай бүлдіршіндерге қатты ұнады.
Концерт соңында балалар ауылының тәрбиеленушілері бүлдіршіндерге түрлі ойыншықтар беріп, бірге суретке түсті.
11 қазан күні қарттар үйіне "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды.
Өнерлі балалардың орындаған қазақы "Шабандоз" биін және "Жұлдызай" конкурсының қатысушысы Сабанкулова Раноның орындауындағы "Домбыра" әндері қариялардың ризашылығына ие болды. Балалардың салған ән ырғағына ілесіп қариялар би билеп, қосыла ән шырқады.
Қарттар үйіне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің қолымен жасалған сыйлық табысталды.
Балалардың өнеріне риза болғын қариялар баталарын берді.
19 қазан күні Республикалық оңалту орталығындағы балаларға арнап өнерлі тәрбиеленушілер қайырымдылық концерт ұйымдастырып отыр.
Концертте "Таңшолпан" байқауының өнерлі қатысушысы Буланова Света "МАленькая страна" әнін нақышна келтіре орындаса, кішкентай бишілеріміздің орындауындағы "Шабандоз", "Періштелер" билері сахна қөркін келтірді.
Орталық балаларға әр түрлі ойыншықтар мен орталық ұжымына балалардың қолымен салынған сурет естелік ретінде табысталды.
Алда да бұндай игілікті ісіміз жалғасын таба бермек.
Айдар: Жаңалықтар