+7
120000, Қызылорда қ.,
Т. Аубакиров к-сі, 102б
kz ru
қалай
жетуге?

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 31 мамыр "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күніне орай өткізілген ашық тәрбие сағаты!

                Тақырыбы: «Шоқтығы биік тұлғалар».

              Мақсаты: Тәрбиеленушілерді Қазақстандық ұлы тұлғалармен таныстыру, үлгі ету, ой-өрісін дамыту, Отанын, елін, жерін сүюге, батыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шаңырақ, ұлы тұлғалардың суреттері, домбыра, интерактивті  тақта.

             Тәрбиеші ананың «Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу»  күніне орай  кіріспе сөзі оқылды. Бұдан кейін,  отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері  тарихта өткен шоқтығы биік  ұлы тұлғалардың  суреттерін қолдарына ұстап, үлкен  шаңырақтың астында тұрып,  даналық сөздерін  жеті оқушы кезекпен  жатқа айтып шықты. Содан соң,  тәрбиеленушілер  қолдарына бір- бір домбыраны алып, тәрбиешісі оқыған  өлең жолдарына байланыстыра отырып, әр шумақ сайын  өлеңде келтірілген бейнені домбыралар арқылы  бейнелеп көрсетіп тұрды. Мысалы;

Көзін ашып тұрғанда күн тесіктен,

Бір жиналмай жарының түн кешіккен.

Ән дарыған даламда шырқайды алқам,

Төбесінде жарқырап Күн байланған! – деген шумақта, барлық тәрбиеленушілер домбыралар арқылы  жарқыраған Күннің бейнесін  жасады.

         Тәрбие сағаттың  соңында, тәрбиешінің   қорытынды сөзі  оқылып, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің орындауындағы  әнмен аяқталды.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 31 мамыр "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күніне орай өткізілген ашық тәрбие сағаты!Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 31 мамыр "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күніне орай өткізілген ашық тәрбие сағаты!

Мерзімі:
Басшысы блогы
Күнтізбе
«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Сауалнама

Сайттың жаңарған нұсқасын бағалаңыз?