+7
120000, Қызылорда қ.,
Т. Аубакиров к-сі, 102б
kz ru
қалай
жетуге?

«Жолың болсын – жас түлек» атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік кеш!

         Мерекеге сай безендірілген сахнада баяу музыка ырғағымен  шағын сахналық қойылым көрсетілді.  «Атамекен» балалар үйінің бүлдіршіндері қойылым барысында, түлектердің   мектепке алғаш рет барған кішкентай балғын шақтары мен  ортаңғы сыныптағы кездерін  сомдады. Бұдан кейін мектеп бітіруші түлектердің өздері шығып әуезді әннің ырғағымен тербеліп мектеп вальсін биледі. Содан соң, сахнаға жүргізуші шығып жиналған көпшілікті оқу жылының   аяқталуымен  құттықтады. Мерекелік кеш тәрбиеленушілердің орындауындағы әсем ән,  көңілді бимен жалғасын тапты.  «Атамекен» түлектерінің үлкен қадамдарына сәт сапар тілеу үшін алғашқы сөз облыстық білім басқармасының  балалар мен жасөспірімдерді қорғау бөлімінің бөлім басшысы Жүнісова  Шолпан Оралбайқызы бітіруші түлектерге  облыстық білім басқармасының  басшысының құттықтау хатын табыстады.   Сондай-ақ, «Үшқоңыр», «Байқоңыр» отбасыларының тәрбиеленушілерінің демеушілері құттықтау сөз сөйлеп түлектерге сәт сапар тіледі. Кеш соңында, «Атамекен»  отбасы үлгісіндегі балалар үйінің директоры –Скакова Лиза Ногаевна түлектерге жылы лебізін білдіре келе,  «Атамекен» балалар үйінен  бітіруші түлектерге  ноутбоктар сыйға табыстады.  Мерекелік  кештің соңы  түлектермен бірге естелік суреттерге түсіп, әсерлі биге ұласты.        

 

«Жолың болсын – жас түлек» атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік кеш!
«Жолың болсын – жас түлек» атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік кеш!
«Жолың болсын – жас түлек» атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік кеш!
«Жолың болсын – жас түлек» атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік кеш!
«Жолың болсын – жас түлек» атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік кеш!

Мерзімі:
Просмотров: 2 476
Басшысы блогы
Күнтізбе
«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Сауалнама

Сайттың жаңарған нұсқасын бағалаңыз?