+7
120000, г. Кызылорда,
ул. Т. Аубакирова, 102б
kz ru
как добраться?

«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың жаңа жылдық мерекесімен құттықтауы

           Жаңа жыл қарсаңында  Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына  арнайы келіп тәрбиеленушілерді  жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балаларға  үй кинотеатрын   табыс етті. Қонақтарды  қарсы алған барлық тәрбиеленушілердің қуанышында шек жоқ. «Байқоңыр» отбасының тәрбиеленушісі  Қыпшақбай Ерсұлтан қонақтардың алдынан шығып;

    Ассалаумағалейкум, ағаларым,

    Жанашыр, қамқоршысы балалардың.

    Кәнеки, олай болса төрлетіңіз,

     Біздегі әрбір бала - дара дарын! – деп сәлемдесе келе, қонақтарды  «Үшқоңыр»  үйінің төріне  шақырды.  Бұдан кейін, тәрбиеленушілер осылай жоғарғы деңгейде жағдай жасап беріп отырған Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына бала көңілмен  рахмет  айтты. Сондай-ақ, балалар ауылына үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген, шырша мерекесінде де жаңа жылдық тәттілер сыйға тартқан  дархан көңіл, жомарт жүректі қамқоршы   ағалары мен апаларына  бүлдіршіндер  кезектесіп өлең  шумақтары арқылы алғыстарын  білдірді.              

1.Әуезханов Досымжан: «Үшқоңыр»  үйінің демеушісі  - ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз мұнай компаниясына  мың  алғыс!

ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз -  паналарым,

Жанымды жарқыратқан ағаларым!

2.Лебедева Вероника:  Ал, біздің «Ақжайық» отбасының демеушісі  Каз Транс Сервиз компаниясына рахмет! 

«Каз Транс Сервиз» - менің компаниям,

Мен өскенде бұл еңбекті қайтарам!

3.Камбарова Рината: «Жетісу» үйінің демеушісі - Қуат Амлон Мұнай  компаниясына шексіз алғыс! 

Аман болсын  «Қуат Амлон»  мұнайым,

Бізге берген сыйлықтың  ең  шұрайын.

4.Қыпшақбай Ерсұлтан: Біздің  «Байқоңыр» үйінің демеушісі  - Казгермұнай компаниясына рахмет! 

«Казгермұнай» берді сыйлық нәрлісін,

Шын  жүрекпен  айтар шексіз  алғысым!

Тұрсынов Михаил;  Біздің де «Сарыарқа» үйінің демеушісі -  Торғай Петролиум мұнай компаниясына үлкен рахмет!

5.«Торғай петролиум» демеушіміз сүйікті,

Армандатқан біздерге әркез биікті!

6.Камбарова Рамилия: Ал біздің  «Оқжетпес» үйінің демеушісі -  Айдан мұнай компаниясына мың алғыс!

Орны бөлек  «Айдан мұнай»  компанияның,

Тілейміз мұнайыңның ортаймауын!

7.Дмитриев  Роман: Мен тұратын «Ұлытау» үйінің демеушісі  Қор мұнай  компаниясына  алғысымыз шексіз!

«Қор»  компаниясы қолдап жүр бізді көптен,

Сіздерге алғыс айтамыз шын жүректен! – деп ең соңын хормен қорытындылады. «Атамекен»  ауылының ең кішкентай тәрбиеленушісі балабақша бүлдіршіні  Ахмадулина   Алеся -   Облыс әкімі  Қырымбек атасына   білім, спорт, өнер саласында  үлкен  жетістіктерге жеткен  аға-тәтелерін «Атамекен» ауылының алтын кітабынан  көрсетіп мақтанышпен   таныстырып шықты.  Бұдан соң,  алаңда құрылған шырша жанында    жоғарғы сынып тәрбиеленушілері флешмоб орындап,  Облыс әкімімен естелік суретке түсіп, қонақтарды ерекше қимастықпен шығарып салды.

«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін  Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың жаңа жылдық мерекесімен  құттықтауы        


Категория: Новости
Просмотров: 1 187
Блог руководителя
Календарь
«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Опрос

Оцените наш обновленный сайт?