+7
120000, г. Кызылорда,
ул. Т. Аубакирова, 102б
kz ru
как добраться?

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Ел тірегі – Елбасы» атты іс шара өткізілді

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған   «Ел тірегі – Елбасы» атты іс шара өткізілді

Күні: 29.11.2018 ж

          Сайыстың мақсаты – Ұлт басшысы, Елбасымыздың еңбек жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген  Елбасыдан үлгі алуға тәрбиелеу. Тәрбиеленушілердің бойындағы шығармашылық таланттарын шыңдау, зеректікке баулу, актерлік қабілеттерін дамыту.

          «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесіне орай «Ел тірегі – Елбасы» деген тақырыпта  сайыс ұйымдастырылды. Бұл  сайыста жеті отбасы  бақ сынасты. Сайыстың шарты -  әр отбасыға Елбасына арналған «Балалық шағымның аспаны» фильмінде көрсетілген тәрбиеленушілерге ой салатындай тәрбиелік мәнге толы  жерлерінен үзінділер алып, сахналық қойылымдар көрсету болды.  Сайысқа қатысушыларға, көркем фильмінде көрсетілгендей,  Елбасымыздың өмірге келмей тұрған кезінде ата-анасы аңсап,  сәби армандаған кезінен бастап қазіргі кезге дейінгі өмір жолдарынан өткен әр кезеңдеріне байланысты тақырыптар берілді. 

          Көркем туындыда  басты кейіпкердің балалық шағы мен дара болмысын, қайраткерлік мінезінің қалыптасуын, алғашқы табыстарын, еңбек жолдарын, үкілеген үміті мен асыл арманын баян етеді. Міне, осы көріністерді,  «Атамекен» ана-тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері біріге  отырып, сахнада өнер көрсетті. Сайыскерлер сомдаған үзінділердің үздігін анықтау үшін  демеушілеріміз – «Айдан-Мұнай» компаниясынан – Егембергенова Сапия Мадиярханқызы, «Құмкөл Транс Сервис» компаниясынан – Дауылбаев Гаудар, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясынан – Демесбайқызы Ақтолқын, «Торғай Петролиум» компаниясынан – Амраева Марзия Розамуратовна және  «Аналар үйі» қоғамдық қорынан – Рахметова Фарида Муратовна, Қамқоршы және қорғаншы органының бала құқығын қорғау маманы – Ақжігіт Гүлмира Мұзапбарқызы қазылық жасады.  Сайыс соңында, қатысқан отбасылардың тақырыпты ашып, кейіпкердің тұлғалық қасиетін тура, дәлме-дәл жеткізе білген дарындылықтарымен актерлік шеберліктеріне қарай жүлделі орындар берілді.  Қазылардың бағалауынша, бас жүлде – «Елбасының балалық шағы» деген тақырыпта  өнер  көрсеткен -  «Сарыарқа» отбасына бұйырды. Бірінші орынды -  «Сәби армандаған отбасы» деген тақырыпта қойылым көрсеткен   – «Ұлытау» отбасы еншіледі. Екінші орынды - «Елбасының студенттік шағы» тақырыбында өнер көрсеткен -  «Байқоңыр» отбасы иеленсе, үшінші орын – «Елбасының ең алғашқы қызмет жолдары»  тақырыбында қойылым көрсеткен - «Ақжайық» отбасының еншісіне бұйырды.  Жүлделі орын алған отбасыларға бағалы сыйлықтармен граммоталар тапсырылып, қатысқан басқа да   отбасыларына  ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.  Кеш соңында, «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры – Скакова Лиза Ногаевна  жиналған көпшілікті  Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, келген қонақтарға алғыс білдірді.            Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған   «Ел тірегі – Елбасы» атты іс шара өткізілді.
            Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған   «Ел тірегі – Елбасы» атты іс шара өткізілді.

Категория: Новости
Просмотров: 1 444
Блог руководителя
Календарь
«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Опрос

Оцените наш обновленный сайт?