+7
120000, г. Кызылорда,
ул. Т. Аубакирова, 102б
kz ru
как добраться?

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ана тәрбиешілердің біліктілігін, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында "Үздік ана тәрбиеші-2018" байқауы өткізілді!

Ана-тәрбиешілердің біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарау мақсатында «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 23 мамыр  күні «Үздік ана-тәрбиеші – 2018» атты ана-тәрбиешілердің байқауы өтті.  5 кезеңнен тұратын байқаудың 1 кезеңі «Таныстыру» яғни,  «Менің балам ерекеше» кезеңімен басталды. Бұл кезеңде барлық ана-тәрбиеші өз отбасын, балаларының жетістіктері мен ерекешеліктері туралы таныстырып өтті.  

2 кезең - «Бәрі де балаға үлгі-өнеге» кезеңінде ана-тәрбиешілер ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты видеоролик арқылы көрсетіп шықты. 

3 кезең -  «Отбасы – жылы ұямыз» кезеңінде отбасылық дәстүрді, отбасылық бюджетті сақтау және кәсіптік бағдар беруді көрсету арқылы тәрбиеленушіні отбасылық өмірге тәрбиелеу мақсатында саханалық көрініс қойылды. 

4 кезең - «Сұрақ – бізден, жауап - сізден» кезеңінде әр қатысушыға  сұрақ тапсырмалар берілді, сұрақтарды 1 минут ішінде жауап беруі тиіс.

5 кезең -  Үй тапсырмасы бойынша тамақ ішетін үстелді жабдықтады, яғни, таңғы ас үстелін, түскі ас үстелін, кешкі ас үстелін, шай үстелін және мерекелік дастарханды жабдықтауды ана-тәрбиешілер толық көрсетіп өтті.

Байқау соңында әділ қазы алқалары ана-тәрбиешілерді марапаттады.

Бас жүлде – Тышқанбаева Лаззат Әскербекқызы

1 орын – Сулейменова Ильмира Алтайқызы

2 орын – Қожбанова Сауле Бекмағанбетқызы

3 орын – Ниязова Дариға Күзембайқызы иеленді. Сонымен қатар, «Жаңашыл  ана-тәрбиеші» және «Шығармашыл ана-тәрбиеші» номинациялары Садибекова Жұлдыз Айжарыққызы мен Тойшыбек Роза Жаханқызына берілді.

  «Атамекен» балалар ауылының директоры Л.Н.Скакова келген қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Қонақтарға балалар ауылының кішкентай бүлдіршіндері өз қолдарынан жасаған қолөнерді естелік ретінде табыстады. 

 Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ана тәрбиешілердің біліктілігін, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында "Үздік ана тәрбиеші-2018" байқауы өткізілді!
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ана тәрбиешілердің біліктілігін, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында "Үздік ана тәрбиеші-2018" байқауы өткізілді!
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ана тәрбиешілердің біліктілігін, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында "Үздік ана тәрбиеші-2018" байқауы өткізілді!
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ана тәрбиешілердің біліктілігін, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында "Үздік ана тәрбиеші-2018" байқауы өткізілді!
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ана тәрбиешілердің біліктілігін, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында "Үздік ана тәрбиеші-2018" байқауы өткізілді!
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ана тәрбиешілердің біліктілігін, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында "Үздік ана тәрбиеші-2018" байқауы өткізілді!


Категория: Новости
Просмотров: 1 608
Блог руководителя
Календарь
«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Опрос

Оцените наш обновленный сайт?