+7
120000, Қызылорда қ.,
Т. Аубакиров к-сі, 102б
kz ru
қалай
жетуге?

«Арманымы асығамын» атты әсерлі кеш

«Арманыма асығамын» атты әсерлі кеш. 

2017 жылдың  7 маусым күні «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Арманыма асығамын»  атты   әсерлі  кеш болып өтті.

Кез келген  адамның  өз арманы болады.  Арман - адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат. Қазақ халқында армансыз адам жоқ делінеді.

Әнші болуды армандап жүрген  әнші қыздарымыздың бірі  Ресей Федарациясының қолдауымен 2017 жылғы 19 қаңтар мен 12 ақпан аралығында өткен «Ты супер» телевизиялық жобасына қатысушылардың «Атамекен»  отбасы  үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі Сабанкулова Рано да бар. Аталған өнерлі  92 баланың ішінде Сабанкулова Рано осы жобада ІІІ тур қорытындысы бойынша  мақтау қағазымен марапатталды. Балалар шығармашылығын дамыту және насхаттау мақсатында өткен ХІХ облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсының ІІІ орын иегері. Жақында ол Алматыда өткен  ХІІ Республикалық «bi Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып  жүлделі екінші орынды иеленіп қайтты. 

Әсерлі кеште  «Атамекен» балалар ауылының үкілеген үміті Рано қызымыз өз достарымен , өз отбасында тұратын бауырларымен ,өзінің   шығармашылық фестивальде  алған  өз әсерлерімен , жетістіктерімен, қызығушылықтарымен  бөлісті.

Балалар ауылының  тәрбиеленушілері кішкентай әнші қызға өздерінің сұрақтарын қойды. 

Рано өзінің   қорытынды  сөзінде  әнші болуды армандайтындығын  кішкентай достарына  қуана жеткізді.

Кеш соңында   «Арманыма асығамын» әнін   достарына тарту етті.

 

  

Мен тағы бір қызымыз туралы айта кеткім келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2017 жылғы 29 мамыр мен 2 маусым аралығында Халықаралық балалар қоры қауымдастығы Мәскеуге Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалар тобын шақырған болатын. Міне, осы топтың ішінде біздің мақтанышымыз – оқу үздігі, Қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшесі, ҚР Білім және ғылым мининистрлігінің патриоттық тәрбие беру байқауының «Сертификат» иегері Сартова Ақмарал барып қайтты.

Ақмарал бос уақытында өлең жазғанды ұнатады. Болашақта журналист болуды армандайтын қызымыз адам баласы өзінің арманына жету үшін  сабақты жақсы оқып, үлкендердің айтқанын орындап, көп еңбектену керектігі жайлы өз достарына тілегін айтты.«Арманымы асығамын» атты әсерлі кеш
«Арманымы асығамын» атты әсерлі кеш
«Арманымы асығамын» атты әсерлі кеш
«Арманымы асығамын» атты әсерлі кеш



Мерзімі:
Просмотров: 1 082
Басшысы блогы
Күнтізбе
«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сауалнама

Сайттың жаңарған нұсқасын бағалаңыз?