+7
120000, Қызылорда қ.,
Т. Аубакиров к-сі, 102б
kz ru
қалай
жетуге?

«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне Қазахстан Шахмат Федерациясы атынан қайрымдылық көмек көрсетіп, заман талабына сай ноутбоктар сыйға табыстады

Жылы жүрек – жомарт қол 
«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз» деген болатын.
Осындай мақсатпен, Қазахстан Шахмат Федерациясы атынан Облыстық шахмат федерациясының атқарушы директоры Хамзина Лямиға Гумеровна «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қайрымдылық көмек көрсетіп, балаларға заман талабына сай ноутбоктар сыйға табыстады. 
Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеніп қайтатыны анық. 
Қайырымдылықтың соңы талантты тәрбиеленушілердің орындауындағы ән, бимен жалғасын тауып керемет өнер кешіне ұласты. 
Жүректеріңіздегі мейірім оты жалындай берсін, сіздер жасаған жақсылық пен қайырымдылық әр баланың жүрегіне үлкен қуаныш сыйласын. Балалардың алғысы сіздердің отбастарыңызға ақ нұр болып жаусын, қайырымды жандар! «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей қайырымдылық адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, балаларға мейірімді жүрегімен көмек көрсеткен Қазахстан Шахмат Федерациясының ұжымына алғысымыз шексіз.
«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне Қазахстан Шахмат Федерациясы атынан қайрымдылық көмек көрсетіп,  заман талабына сай ноутбоктар сыйға табыстады
«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне Қазахстан Шахмат Федерациясы атынан қайрымдылық көмек көрсетіп,  заман талабына сай ноутбоктар сыйға табыстады
«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне Қазахстан Шахмат Федерациясы атынан қайрымдылық көмек көрсетіп,  заман талабына сай ноутбоктар сыйға табыстады
«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне Қазахстан Шахмат Федерациясы атынан қайрымдылық көмек көрсетіп,  заман талабына сай ноутбоктар сыйға табыстады

Мерзімі:
Просмотров: 326
Басшысы блогы
Күнтізбе
«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Сауалнама

Сайттың жаңарған нұсқасын бағалаңыз?