+7
120000, Қызылорда қ.,
Т. Аубакиров к-сі, 102б
kz ru
қалай
жетуге?

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама 

            Мақсаты: Әлеуметтік көмек алуға  құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  және  басқа санаттағы балаларға  әлеуметтік көмек көрсету, оқумен  қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын  алдын алу.

           Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы  мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Міне, осындай  қасиеттерді ұстана отырып, кішкентай  болса да  бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйласақ  деген мақсатпен 10.01.2019 – 10.02.2019 ж.   аралығындағы  «Қамқорлық»  дәстүрлі республикалық акциясы  аясында   «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері  Сәбилер үйіне  «Қанатына ақ арманның мінеміз»  атты  концерттік бағдарлама  ұсынды. Талантты тәрбиеленушілер  әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, тақпақтар оқып, қызықты қойылымдар көрсетіп, соңында бүлдіршіндерге  естелікке сыйлықтар табыс етті.  Кішкентай балақайлар   қуанышын жасырмай  мәз мәйрам болып  ерекше көңілді күймен  ортаға шығып  өнерпаздармен қосыла би биледі.  Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған  әрбір  баланың  жүрегіне  жылылық ұялатып, қуаныш пен бақыт сыйлау баршамыздың борышымыз.  Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде; «Өзінің не өзгенің жетім балаларын  балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның  орны тек қана жаннат», - делінген.  Міне осындай, тағдырдың  жазғанымен жаралы  болған  кішкентай бүлдіршіндердің жанына жалау болып, панасызға пана, қамқорсызға қамқор болып,  шерменде болған жүрекке  жылулық сәулесін шашып отырған   Сәбилер үйінің мейірман  басшысы  - Рысмухаметова  Күләш  Райбекқызы  мен  ұжымына  алғысымыз шексіз.  Осындай адамгершілік, ізгілік, мейірмандық, қамқорлық, қайырымдылық  сияқты асыл қасиеттеріңізбен  ыстық ықыластарын аямаған  ұжымға  Алланың нұры жаусын демекпіз.  Болашағымыз жарқын,  ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер  қамқорлығымызды аямайық, ағайын!

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама

«Қанатына ақ арманның мінеміз!» қамқорлық  қайырымдылық акциясы бойынша концерттік бағдарлама


Мерзімі:
Просмотров: 73
Басшысы блогы
Күнтізбе
«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сауалнама

Сайттың жаңарған нұсқасын бағалаңыз?