+7
120000, Қызылорда қ.,
Т. Аубакиров к-сі, 102б
kz ru
қалай
жетуге?

«Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І Республикалық ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар шығармашылық фестивалі.

 

            Астана қаласында  29-30  маусым күндері,   Астананың 20 жылдығына орай  «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І Республикалық  ата-аналардың қамқорлығынсыз  қалған балалар шығармашылығы  фестивалі  болып өтті. Аталмыш өнер  додасына  еліміздің әр түкпірінен  келген 300-ге жуық өнерлі балалар қатысып, қолөнер, дизайн, фотоөнер, хореграфия, вокал,  көркем сөз номинациялары бойынша  бақ сынасты. Осы фестивальға, Қызылорда қаласынан «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының бір топ өнерпаз тәрбиеленушілері де  қатысқан  болатын. Тәрбиеленушілеріміз  Астананың төрінде   ән айтудан, би билеуден, мәнерлеп  оқудан өз   шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде,Сабанкулова Рано эстрадалық вокал  бөлімі бойынша«Домбыра туралы баллада», «Арманыма сенемін» әндерін орындап  ІІІ орынға ие болды.  Көркем сөз номинациясы бойынша мәнерлеп оқудан - Сартова Ақмаралға да   ІІІ орын бұйырды. Хорегрофия номинациясы бойынша«Атамекен» би тобы  «Жайлауда», «Бәйге би» атты билерімен  ІІІ орынға қол жеткізді. Жүлдеге ие болған өнерпаз балалар арнайы дипломдармен мараппатталды. Үш бірдей үшінші орынға ие болып, республикалық  көлемде, жоғары деңгейде өнер көрсеткен  бүлдіршіндерімізге  шығармашылық табыс тілейміз.

«Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І Республикалық  ата-аналардың қамқорлығынсыз  қалған балалар шығармашылық фестивалі.
«Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І Республикалық  ата-аналардың қамқорлығынсыз  қалған балалар шығармашылық фестивалі.
«Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І Республикалық  ата-аналардың қамқорлығынсыз  қалған балалар шығармашылық фестивалі.
«Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І Республикалық  ата-аналардың қамқорлығынсыз  қалған балалар шығармашылық фестивалі.
«Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І Республикалық  ата-аналардың қамқорлығынсыз  қалған балалар шығармашылық фестивалі.

Мерзімі:
Просмотров: 1 664
Басшысы блогы
Күнтізбе
«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Сауалнама

Сайттың жаңарған нұсқасын бағалаңыз?