+7
120000, Қызылорда қ.,
Т. Аубакиров к-сі, 102б
kz ru
қалай
жетуге?

«Атамекен» Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Қауышу күніне» орай шақырылған ардагерлерді күтіп алды

14 наурыз Қауышу мерекесіне орай «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Жаңақорған ауданының ардагерлері - Сахиев Файзулла халықаралық Жазушылар және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы, ақын, жазушы, зейнеткер, Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы және Абылаев Талғатбек Жаңақорған аудандық  денсаулық сақтау саласының ардагері, салалық кәсіподақ ұйымының төрағасымен кездесті.

 «Атамекен» Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының ауласында қонақтарды қазақша киінген кішкене бүлдіршіндер ардагерлерді қарсы алып, өздерінің тұратын үйлері мен жай-күйлерін таныстырып өтті. Одан кейін қонақтарды «Алатау» шығармашылық  үйінде дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалауға шақырды. Шығармашылық үйде 30 минутқа дайындалған сахналық көрініс пен коцерттік бағдарламаны ардагерлер тамашалап, қонақтарға тәрбиеленушілердің өз қолдарымен жасалынған қолөнерден естелік сыйлық табысталды. Сонымен қатар ардагерлерге арнау өлең айтылып, тәрбиеленушілерге ардагерлеріміз өз ақ батасын берді. Мерекелік концерттен соң ардагерлер мерекелік дастарханнан дәм ауыз тиіп, тәрбиеленушілермен дидарласты.   «Атамекен» Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Қауышу күніне» орай шақырылған ардагерлерді  күтіп алды
«Атамекен» Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Қауышу күніне» орай шақырылған ардагерлерді  күтіп алды
«Атамекен» Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Қауышу күніне» орай шақырылған ардагерлерді  күтіп алды
«Атамекен» Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Қауышу күніне» орай шақырылған ардагерлерді  күтіп алды


Мерзімі:
Просмотров: 1 356
Басшысы блогы
Күнтізбе
«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Сауалнама

Сайттың жаңарған нұсқасын бағалаңыз?